Елордада «Kóshpendiler Álemi» халықаралық этнофестивалі өтіп жатыр.

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде «Kóshpendiler Álemi» IV халықаралық этнофестивалі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Этнофестивальге елімізден бөлек, Түркия, Әзербайжан, Болгария, Иран, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Моңғолия және Өзбекстан елдерінің өкілдері қатысуда.

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы «Этноауыл».
Елордадағы «Этноауыл».

Осымен екінші жыл қатарынан өтіп жатқан айтулы шараның мақсаты – көшпенділердің тарихын және мәдени мұрасын насихаттау, ұлттық салт-дәстүр мен көшпенділер өнерін жаңғырту. Сондай-ақ тарихы көшпенділікпен байланысы бар мемлекеттер арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайту.

«Этноауыл».